Облыстың тұңғыш әкімі ретінде Марс Фазылұлы Үркімбаевтың өңірімізге сіңірген еңбегі зор деп айта аламын. Еліміз егемендік алып, өз экономикамызды өзіміз түзеуге бет алған тұста Елбасы мемлекетімізге бизнес саласын жетік меңгерген осындай азаматтардың керек екенін білді. Әсіресе, кешегі кеңес заманында ірі-ірі көсіпорындарымен одаққа танымал болған Оңтүстіктің өндірісін ақсатпай, экономикасын өрге сүйретуге тәжірибесі мол, талантты тұлғалар қажет еді. Сондай кезде Елбасының таңдауы Марс Фазылұлына түсті.

Облысқа басшы болып келген соң ол өндіріс саласында жүрген біраз азаматтардың басын қосып "жұмысты неден бастаймыз?" деп кеңесті. Марс Үркімбаевтың карапайымдылығы сол, ешкімге де "сенікі дұрыс емес" деп айтпайтын. Бәрін де ақыл таразысына салып, айтылған ұсыныстардың тиімді, пайдалы жағын жинактап, тұтас жоба жасап шығаратын.

Марс Фазылұлы Үркімбаев! Атақты аймақтың әуелгі әкімі.

«Мықты милы, жарақты жаужүрек, кемел кемеңгер, пайымды парасат, қажымас қажыр иесі, сұңғыла саясаткер болсаң, әуселең мен әлеуетіңді сынайын - оңтүстікті басқарып көр» дейтін өрелі де өнерлі, қатпарлы да құпиялы, қыртысты да қазыналы, қазақылығы қалың өзгешелеу өлке бұл. Өзгешелігі - өзгені өзекке теппейтіндігі, өзіне де өбектеп кетпейтіндігі. Айрықша асыл қасиеті анау-мынау деп алаламайтындығы. Барлап қараңыз: - Қазақстандағы бар ұлыстың түгел дерлік өкілі осы өңірден табылады. Оның үстіне мұқым молшылық, мінәйілік, маңғаздық, меймандостық, марғасқалық -тағы басқа бәрі-бәрі осы жақтан тарайтындығын исі қазақ мойындайды, мақтайды, мерейленеді.

Еліміздің қазіргі замандағы білімі мен ғылымы, қоғамдағы көкейтесті қозғалыстар туралы сөз етер болсақ, өзіндік із қалдырған асыл азаматтар арасынан Марс Үркімбаевтың есімі тасқа басқан таңбадай-ақ болып тұрғанын көреміз.

Аспирантурадан кейінгі Қазақ химиялық-технологиялық институтындағы бес жыл бойғы еңбекте ол өзін көрсете білді, соның негізінде мансаптық тамаша жетістіктерге жетті: аға оқытушы, кафедра доценті, кафедра меңгерушісі, факультет деканы... 1973 жылы - Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының(ЖГМҚИ) ректоры қызметін атқарды.

Год назад не стало Марса Уркумбаева.

Видный общественный и государственный деятель Казахстана Марс Уркумбаев прожил полную событий жизнь. Уроженец Южно-Казахстанской области, он много лет посвятил Жамбылской области, совершив немало добрых дел и внеся существенный вклад в развитие нашего региона. И в воспоминаниях своих друзей и соратников он остался великим человеком, незаурядной личностью и верным другом.