***

«СТУДЕНТ-ЗЕРТТЕУШІ» ДӘРЕЖЕСІН АЛҒАН  СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА  АКАДЕМИК М.Ф.ҮРКІМБАЕВТІҢ СЫЙАҚЫСЫН БЕРУ ҮШІН
«2017 ЖЫЛҒЫ ЖАСТАР, БАТЫЛДАР, ҮМІТТІЛЕР»
АТТЫ  БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ

Байқауды  М.Х.Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің  ғылым және жаңа технологиялар Департаменті мен академик М.Ф. Үркімбаевтің  «Қоғамдық бастамалары»  АҚ  өткізеді.  Байқау  студент жастардың   инновациялық  іс-әрекетінің дамуын ынталандыру мақсатында өткізіледі.  Байқауға  «Студент-зерттеуші»  дәрежесіне ие болған студенттер қатыса алады.

 

I ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Осы Ереже   байқауға  жіберілген  өтініштерді қабылдау, ұсынылған   іргелі және қолданбалы сипатты жұмыстардың  қол жеткізілген  нәтижелері бойынша Сыйақы беру үшін  критерийлерді  қарастырудың  тәртібін айқындайды.
1.2 Байқауға  ғылыми-зерттеу  жұмыспен белсенді айналысатын  М.Х.Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің  жоғары курстағы студенттері қатысады.
1.3 Байқауға  бұрын  академик М.Ф.Үркімбаевтің сыйақысын алған студенттер қатыса алмайды.

Скачать условия конкурса...