***

«Студент-зерттеуші» дәрежесін алған студенттер арасында академик М.Ф.Үркімбаевтің сыйақысын беру үшін
«2016 ЖЫЛҒЫ ЖАСТАР, БАТЫЛДАР, ҮМІТТІЛЕР»
атты байқау жарияланады

Байқауды  М.Х.Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің  ғылым және жаңа технологиялар Департаменті мен академик М.Ф. Үркімбаевтің  «Қоғамдық бастамалары»  АҚ  өткізеді.  Байқау  студент жастардың   инновациялық  іс-әрекетінің дамуын ынталандыру мақсатында өткізіледі.  Байқауға  «Студент-зерттеуші»  дәрежесіне ие болған студенттер қатыса алады.

***

АКАДЕМИК М.Ф.ҮРКІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯНЫҢ ІЗДЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

«Академик М.Ф.Үркімбаевтың қоғамдық бастамасы» ҚҚ (ары қарай Қор) М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылым және жаңа технологиялар Департаментінің (ары қарай Департамент) қолдауымен академик М.Ф.Үркімбаев атындағы стипендияны иелену үшін ғылыми-техникалық жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының екінші байқауын жариялайды.Осы Ереже Байқаудың өткізілу тәртібін, таңдап алу критерийлерін, ұсынылған жобалар мен Байқау лауреаттарының жұмыстарын анықтайды.

***

«Бекітемін»
Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы____________________ Т.Н.Уркумбаева
/қолы/ /Аты-жөні/
«____»___________2014г.

Академик М.Ф.Уркумбаев атындағы сыйақы туралы
Ереже

Бұл Ереже дәрежесі бар (Студент-зерттеуші) студенттерге «Академик М.Ф.Уркумбаева атындағы сыйақы» (одан әрі Сыйақы) тағайындау шарты мен тәртібін анықтауға арналған.
Сыйақы туралы Ереже Қамқоршылық Кеңестің шешімімен __ наурызда 2014 ж. бекітілген.
Сыйақы:
- жоғарғы курс студенттерінің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмысын ынталандыру;
- жоғарғы курс студенттерінің дарынды және таланттыларын қолдау;
- жастардың зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына үлес қосуға бағытталған.